×

Каспий жағалауында ірі өрт шықты

Елді мекендерге қауіп жоқ

Каспий жағалауында ірі өрт шықты
Видеодан кадр

Атырау облысында, Каспий теңізі жағалауында 10 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 7 шілдеде Атырау қаласында түтін иісінің шығуына байланысты, өрт ошағын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған.

"Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник А. Ержановтың басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері (3 адам) Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізді. Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде, шамамен 5 гектар аумақты шарпыған 5 жану ошағы анықталды. Өрттің жалпы аумағы 10 гектар болады", - делінген хабарламада.

Жану аумағы иесіз, Каспий теңізі жағалауындағы жер. Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ.

"Сағат 05:40-та Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіру үшін жолға шықты. 8 сағат 30 минутта күштер мен құралдар қаладан 30 шақырым қашықтыққа Кеңөзек елді мекені аумағына жетті.

Қамыс өртін сөндіруге ТЖД және "Ақ Жайық" МТР күштері мен құралдары, жалпы есеппен 55 қызметкер, 13 техника, 2 мотопомпа; және "Казавиаспас" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіру жалғасып жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды
Бүгін, 15:26

Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды

Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар
Әйел адам өзінің экс-жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын айтады
Оның 4,7 млрд теңгені құрайтын мүлкі тәркіленді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →