×

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
polisia.kz

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды. Онда Kia Soul мен Toyota Camry соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Салдарынан оқиға орнында Toyota-да болған үш жолаушысы көз жұмды.

Екі көліктің жүргізушілері де, сондай-ақ үш жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тергеу оған қатысты бірнеше факт бойынша жүргізілмек
Жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →