×

Оралда 2 жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

Оқиға орын алардан бұрын қыз бала қараусыз қалған

Оралда 2 жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды
Ашық дереккөздерден

Оралда 2 жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болды. Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы көше дәретханасынан Ә. есімді кәмелетке толмаған 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды.

Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде ауладағы дәретхананың шұңқырына құлаған. Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген ойнап жүрген балалар, дереу ата-анасына хабарлаған. 

Оқиға орнына жедел-жәрдем келгенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Оқиға орын алардан бұрын қыз бала қараусыз қалған.

Аталған факт СДБТ-ға жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →