×

Алматының “Ақкент” шағынауданындағы өрт: Балаларды терезеден лақтырды

Алматының “Ақкент” шағынауданындағы өрт: Балаларды терезеден лақтырды
Видеодан кадр

Бүгін Алматының “Ақкент” шағынауданындағы көп қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz шаһардың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Видеода көрсетілгендей, балаларды өрт пен түтіннен құтқару үшін 6-шы қабаттан төсеніштерге лақтырып жатыр.

"1 тамызда сағат 17:10-да ТЖД күштері Алматыдағы "Ақкент" шағынауданына жіберілді. Ақпаратқа сәйкес, лифт білігіндегі электр кабелі 5-6 қабат деңгейінде өртенген. ТЖД құтқарушыларының көмегімен жоғарғы  қабаттарға тартылған саты арқылы 250-300 адам эвакуацияланды, 3 тізе сатысы мен үш автосаты арқылы 40 адам құтқарылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 50 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылды, оның 3-уі - автосатылар", - деп хабарлады ТЖД.

Төтеншеліктердің хабарлауынша, қазіргі сәтте өрт толығымен ауыздықталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →