×

Ақкенттегі өрт. Қайтыс болған қызға қатысты тың деректер айтылды

Айдар Сқабаевтың айтуынша, марқұм өрт болып жатқанда 5-қабаттан секірген

Ақкенттегі өрт. Қайтыс болған қызға  қатысты тың деректер айтылды

Алматыдағы Ақкентте ықшам ауданындағы өрт кезінде қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты тың деректер айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің бастығы Айдар Сқабаевтың айтуынша, марқұм өрт болып жатқанда 5-қабаттан секірген. 

«Әйел 20 секунд күткенде, өрт сөндірушілер оны құтқара алар еді. Алайда ол әпкесімен бірге балконнан секіріп кеткен. Ішке кіргенде анасын құтқардық, бұл кезде олар секіріп кеткен. Шыдап, балконда тұрғанда қыздарды құтқара алатын еді», – деді Айдар Сқабаев.  

 Оның айтуынша, анасы секіре алмаймын, астында құтқарушылар бар, балконнан секіріңдер деген екен.

«Екі қызы кішкентай балалары секірген соң, біздің құтқарушылар есікті ашып кіреді. Сөйтіп, анасын құтқарып қалады. Ол жерде өрт сөндіруші жетекшісіне кедергі келтіндерде бар. «Менің баламды құтқар» деп жан-жақтан жағадан алған.  Сосын балконнан айғайлағандар болған. Жеке құрамның бәрі сатымен жоғарыға кіргізген», – дейді  Алматы қалалық ТЖД өкілі. 

Айта кетейік,  кеше Алматының Алатау ауданы, Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті. Қайтыс болған әйелдің есімі – Әсел. Ол 31 жаста.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →