×

Атыраудан лагерьге бара жатқан бала пойызда көз жұмды

Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан

Атыраудан лагерьге бара жатқан бала пойызда көз жұмды
railways.kz

«Атырау-Астрахань» бағытында лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болды. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Нарын станциясына жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын тіркеді.

Қайғылы оқиғаның себебі сараптама қорытындысынан кейін анықталады», – делінген мәлімдемеде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған
Бүгін, 15:50

Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған

Күдіктілердің бірі жәбірленушімен бұрын таныс болған.
Автокөлік иесі көлігін оталдырып, кілтін ішінде қалдырған
Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында
Соңғы 3 жыл ішінде пойыздарда 14 сәби дүниеге келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →