×

Сандуғаш Дүйсенова қамаудан босатылды

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Сандуғаш Дүйсенова қамаудан босатылды
Ашық дереккөздерден

Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталған журналист Сандуғаш Дүйсенова қамаудан қолхатпен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Талдықорғанда 11 тамызда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 147-бабы 5-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып табылады. Бұл бап жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы тарату үшін жауапкершілік қарастырады. Дүйсенова қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, процессуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылды. Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүған дейін Жетісу мен Алматы облыстарында өткір мәселелерді көтеріп жүрген танымал журналист-блогер Сандуғаш Дүйсенованың қамауға алынғаны туралы жазған едік.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
22.11.2024ж. 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →