×

Гүл дүкеніндегі жағдай: полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Гүл дүкеніндегі жағдай: полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Видеодан кадр

Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің "ROMANTIC" гүл салоны мен "Eldorado" ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады”, – делінген хабарламада.

Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған
Бүгін, 16:54

Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған

Оның айтуынша, сотталушылар қысым көрсетіп, жағдайды ушықтыруға тырысқан.
Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →