×

Лениннің ескерткішін құлатқан тракторшы сотталуы мүмкін

Кеше әлеуметтік желілерде Алтай қаласындағы орталық алаңды абаттандыру кезінде тракторшының Ленинге қойылған ескерткішті байқаусызда құлатып алғаны туралы ақпарат тарады

Лениннің ескерткішін құлатқан тракторшы сотталуы мүмкін
Видеодан кадр

Лениннің ескерткішін құлатқан тракторшы сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ВИДЕО: t.me/qaz365kz

Кеше әлеуметтік желілерде Алтай қаласындағы орталық алаңды абаттандыру кезінде тракторшының Ленинге қойылған ескерткішті байқаусызда құлатып алғаны туралы ақпарат тарады. Ал жөндеу жүргізіп жатқан мердігер компания өкілі ескерткішті қайта қалпына келтіретінін айтқан.

“Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 203-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды”, – делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте.

Егер тракторшының қасақана құлатқаны дәлелденсе, ҚР ҚК 203-бабында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Дереккөзге сүйенсек, ҚР ҚК 203-бабында былай жазылған:

1. Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

1-1. Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →