×

Кеншілердің жақындары Әлихан Смайыловқа - "Балам қайда?"

Премьер-Министр қайғылы оқиғаға кінәлі барлық адамдардың жазаланатынын атап өтті.

Кеншілердің жақындары Әлихан Смайыловқа - "Балам қайда?"
primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан және табылмай жатқан кеншілердің туыстарымен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір шахтада екі кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Кездесу барысында жоғалған адамдардың жақындары кеншілердің қашан табылып, жер бетіне шығарылатыны туралы сұрады.

"Неліктен олар әлі табылмай жатыр. Үш күн өтті, менің балам қайда?" - деп сұрады туыстары.

Смайылов барлық қажетті шаралардың қабылданып жатқанын айтты.

"Қазір ол жерде адамдар үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Сонымен қатар, өртті сөндіру де жүріп жатыр", - деді ол.

Премьер-Министр қайғылы оқиғаға кінәлі барлық адамдардың жазаланатынын атап өтті.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →