×

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты

Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты
Видеодан кадр

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 19 тамызда сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тасжолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысқан.

"Салдарынан 9 адам оқиға орнында қаза болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тоғыз адамның өмірін қиған жол апатына байланысты “Қазавтожол” өз нұсқасын жариялады

“Алдын ала берілген мәлімет бойынша нөмірі 055 ZDA 01 - Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен. Сол бағыита 420 AHJ 17 нөмірлі Honda Odyssey көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан 9 адам қайтыс болып, бір адам жарақат алды. Тойота Камриде 4 адам (бір отбасы) болған, олардың үшеуі қаза болды. 2005 жылғы қыз бала Балқаштағы ауруханаға жеткізілді. Honda Odyssey көлігінде болған 6 адам да аман қалмады”, - деп хабарлайды “Қазавтожолдан”.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады
30.04.2024ж. 14:36

Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Сотқа дейінгі тергеу басталды
Жыртқыш сырттағы 2 итті де талап кеткен
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр
Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →