×

Астанада жиенін сабаған бойжеткенге қатысты сот қаулысы шықты

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ

Астанада жиенін сабаған бойжеткенге қатысты сот қаулысы шықты
Видеодан кадр

Елордада балабақшаға барғысы келмеген жиенін сабаған бойжеткен ісі бойынша сот қаулысы шықты. Қос тараптың ымыраға келуі себепті іс тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2023 жылғы 17 тамызда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша А. қатысты істі қарады. Сот А. кәмелетке толмаған Ж.-ның әпкесі екенін, жиенінің балабақшаға барғысы келмегені үшін күш қолданғанын, бірақ денсаулығына аса зиян келтірмегенін анықтады. Оның кінәсі мойындау айғақтарымен, заңды өкілдің түсіндірмелерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және істің басқа материалдарымен дәлелденген. А.-ның баланың ата-анасымен татуласуына байланысты және ата-ана өтінішімен іс тоқтатылды», - деп жазылған қалалық соттың ресми сайтында.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Астана қаласындағы “Фламинго” тұрғын үй алабында әйел адамның кішкентай қызды ұрып-соғып жатқан видеосы тараған еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдегі сауда орталығының жанында ер адамның денесі табылды
Бүгін, 17:29

Семейдегі сауда орталығының жанында ер адамның денесі табылды

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →