×

«Тәрбиеші балаларды тұншықтырған, жыныс мүшелерін қысқан»: Балабақшадағы сұмдық жайтқа қатысты деректер айтылды

Бейнебақылау камерасын тексерген ана жағасын ұстаған

«Тәрбиеші балаларды тұншықтырған, жыныс мүшелерін қысқан»: Балабақшадағы сұмдық жайтқа қатысты деректер айтылды
Фото: pixabay.com

Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Головацкий ауылындағы Жаскент балабақшасында тәрбиеші балаларды аяусыз ұрған видеосы тараған еді. Бауыр еті баласын тәрбиеші тұншықтырып жатқан бейнежазбаны көрген сұмдық жайттың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды   Qaz365.kz.

Бейнежазбаны көргенде балабақшаға қызын беріп жүрген Гүлназ Шаймерденова есінен танып қалған. Ол екі күн бұрын кішкентай қызының денесі көгергенін байқап, бірден бөбекжайға барыпты. Бейнебақылау камерасын тексерген ана жағасын ұстаған.

«Шашынан тартып аузына тамақты қинап тығып жатыр. Сосын суын берді де кетіп қалды. Сол жердің бәрін жинап қызымды алып шешіндіріп төсекке лақтыра салды. Қызым жылйды. Одан бәрін оятатын болды деп орнынан тұрды да келіп қызымды тұншықтыра бастады. Тұншықтырып қана қоймай ұрып жатыр», - дейді Панфилов ауданының тұрғыны Гүлназ Шаймерденова «Информбюроға» берген сұхбатында. 

Желіге тараған тағы бір видеода қорлық көрген бүлдіршіннің анасы Айғаным Бұрлыбаеваның да айтары бар.

Тәрбиеші кіші дәретке отырмаған ұлдың жыныс мүшесін тартқылап, мазақ еткен дейді. Ол аздай жанындағы қыздарға да дәл осы әрекетін жасатқызған екен. 

 «Түнімен жылап шығады, біреу сөйлеп қалса жасқана бастайды, психологиясы да бұзылған шығар. Кіші дәретке отыратын кезде жыныс мүшесінен шерткен. Неге симейсің деп аузынан ұрған», - дейді Айғаным Бұрлыбаева.

Бұл бір емес, екі топта болған жағдай. Онда 50-ге жуық бала бар. Ата-аналар буыны қатпаған бүлдіршіндерді білектің күшімен тәрбиелейтін бөбекжай қызметкерлері тиісті жазасын алсын деп отыр. 

«Балам әбжен шок болып қалған. Балабақшаға барасың ба десе барғысы келмейді. Басқасына да апарайын  десең де қашады. Балаларымды соққан адамдар қатаң жазалансын», - дейді тағы бір ана Әсем Байсеркеева. 

Оқиға болған Панфилов ауданына қарасты Головацкий ауылындағы жекеменшік балабақша 6 ай бұрын ғана ашылған. Бөбекжайдағы оқиғадан кейін әдіскер, тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан босатылды. Ал балабақша басшысының денсаулығы сыр берген көрінеді. Оның орнына ұлы келіп ата-аналардан кешірім сұрады.

«Бұл жағдай ешкімді қуантып тұрған жоқ. Біз де үлкен қаражат салып бұндай жағдайға түсеміз деп ойламадық. Біріншіден кешірім сұраймыз. Екіншіден ары қарай дұрыс жұмыс жасау жолдарын қарастырайық», - деді балабақша басшысының ұлы Қуаныш Көншібай.

Ал әлеуметтік желі арқылы бүкіл республиканы шулатқан алақандай ауылдағы бұл жағдайға қатысты білім бөліміндегілер «біз тексеру жүргізуге құзырымыз жоқ» деп қол қусырып отыр. 

«Бұл балабақшаның ішкі тыныс-тіршілігімен таныс емеспіз. Себебі 2023 жылға дейін мораторий болғандықтан біз ешқандай балабақшаға арыз түспегенше біз кіре алмаймыз. Тек қана әдістемелік көмек, онлайн курс, семинар ұйымдастырып тұрдық. Қазір ата-аналардың шағымы бойынша іс қозғалып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған», - дейді Панфилов аудандық білім бөлімінің әдіскері Райгүл Қарабала.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →