×

ШҚО-да туристер Қызылтас тауының ұшар биігіне

Құтқарушылар алдын ала учаскелерді бөліп, көпшілік жүретін жерлерге арнайы белгі орнатты

ШҚО-да туристер Қызылтас тауының ұшар биігіне

Ұлан ауданында «Altai fest-2024» туристік маусымы ашылды. Ауқымды шараға қатысқан жұрт теңіз деңгейінен 800 метрдегі Қызылтас тауының ұшар биігіне көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Екінші жыл ұйымдастырылып жатқан шараға биыл келген туристердің саны былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Нақтырақ айтсақ, Қызылтастың төңірегіне 400-ден астам адам жиналған. Туристік шара тауға шыығумен ғана шектелген жоқ. Баурайында атқа мініп серуендеді, садақ тартып сайысты.   

– Елдегі су тасқыны жағдайына байланысты өтетін мерзімі шегерілді. Әйтпегенде, қатысушылар саны бұдан да көп болар еді. Алғашында 700 адам келеді деп жоспарлаған шараға келушілер саны кеміді. Десе де, осындай турлар арқылы Шығыстың туризмін дамытуға болады. Бүгінгі шараға Өскеменнен ғана емес, Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Семей қалаларынан да саяхатшылар келді, – дейді шараның өтуіне ұйытқы болған Мұхтар Тойбазаров.

Құтқарушылар алдын ала учаскелерді бөліп, көпшілік жүретін жерлерге арнайы белгі орнатты. Тауға бет алғандар сол соқпақтан шыққан жоқ. Қауіпсіздік үшін.

«Altai fest-2024» туристік шарасына облыстың бірқатар мекемелері, кәсіпкерлер демеушілік көрсетті. Құсбегі Бақытбек Манайұлы ұлттық рухты  көрсетіп, бүркітімен Қасым Қайсенов кентінен келді. 

Айта кетейік, таудың асқарына қара үзе бірінші болып шыққан облыстық «Менің өлкем» газетінің тілшісі Әділхан Есімханов еді. Ал әйелдер арасынан Астанадан ат арытып келген Айгүл Хасенова топ жарды. Алайда, ол үшін арнайы жүлде тігілмеген. 

– Географтар 1000 метрден асса ғана тау деп аталады дейтін. Бірақ көп адам үшін бұл да біршама биік болған сияқты. Уақыты шегерілсе де, қызықтап келгендер көп болды. Мен алғашқы лектердің біріне ілініп, етекке шыққанша соңдарынан ілесіп отырдым. Үшінші учаскеге жеткенде көбі біртіндеп тыныға бастады. Сол көтерілгеннен 8-ші учаскеге дейін тоқтамадым. Сосын соңымнан кімдер ілесіп келеді екен деп артыма бір қарап, 15 секундтай аялдадым. Шамамен 22 минуттан асқанда Қызылтастың биігінде тұрдым. Менен кейінгілер 3 минуттан соң көтерілді, – дейді журналист әрі спортшы Әділхан Есімханов. 

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл шара дәстүрге айналуы әбден мүмкін. Заман тыныш болса, келер жылы саяхатшылардың қатары бұдан да көп болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →