×

Түркістанда дәрігерлер 7 жастағы балаға күрделі ота жасады

Бала 18 мамыр күні ауруханадан үйіне жіберілді

Түркістанда дәрігерлер 7 жастағы балаға күрделі ота жасады

Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының  дәрігерлері күрделі операция жасап, 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты. Биылғы 10 мамыр күні науқас бала Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылған,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары пациентті рентген, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған. Білікті мамандар ота алдында екі күн науқасты дайындап, бақылап отырған.

13 мамыр  күні аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасады. Операция кезінде бауыр тұсынан  15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шыққан.

Бала 18 мамыр күні ауруханадан үйіне жіберілді. Қазіргі таңда жағдайы жақсы. Мамандардың айтуынша, аталмыш ауру ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →