×

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үлкен жол апаты болды

Даңғылда көлік қозғалысы баяулады

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үлкен жол апаты болды
zakon.kz

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында жүк көлігі қатты жылдамдықпен бірнеше көлікті соқты. Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіге шықты.

«Әл-Фарабидің бойында ірі жол апаты көлік қозғалысын баяулатты, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген видеодағы жазбада.

Куәгерлердің айтуынша, жиектастарды тиеген жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.

Алматы полициясы аталған жол апатына қатысты түсінік берді.

«Сағат 15:05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Ары қарай жүк көлігі жолдың жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті», - делінеді қалалық полиция департаменітнің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →