×

Алматыда «Байсат» базарынан өрт шықты

Контейнерлер өртенген

Алматыда «Байсат» базарынан өрт шықты
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Алматылық өрт сөндірушілер 25 минут ішінде "Байсат" базарында өртті оқшаулап, кәсіпкерлердің тауарларын өрттен қорғады, деп хабарлайды Qaz365.kz Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 21 тамызда  14сағат: 02 минутта  Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша  Солтүстік  айналма тас жолы, 7,  Байсат сауды орны  мекен-жайға жіберілді

5 минутта келгшен сәтте мамандандырылған жасақтың алғашқы бөлімшелері   ауданы 150 ш.м алаңына шарпыған екі қабатты  контейнерлердің өртенуі анықтап баяндады, дереу жапсарлас қойылған контейнерлерді сөндіруге және салқындатуға өрт оқпандары енгізілді, өрт-автоцистерналары  объектінің өрт гидранттарына орнатылып, магистральдық желілер созылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Оқиға орнында екі өрт сөндіру  учаскесі құрылды, газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жоғары температура мен қатты түтін жағдайында жұмыс істеді.

25 минут ішінде өртті оқшаулауға қол жеткізілді, сағат 14: 50-де ол толығымен жойылды. 

“Қабылданған шаралармен  көрші контейнерлерді, сондай-ақ тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларын өрттен қорғап алынды . 

Абырой болғанда  зардап шеккен адамдар жоқ. 

Құрметті кәсіпкерлер! Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу  кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыз!” – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Кеше, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →