×

Ақтөбеде 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Еріктілер баланың жоғалғаны туралы хабарлама таратып, іздеу жүргізген

Ақтөбеде 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Ол көршісінің сарайында асылып қалған,  деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 
 

16 жасар бала 12 қыркүйек күні шамамен сағат 19.00-де шығып кеткен. Ақтөбедегі еріктілер баланың жоғалғаны туралы хабарлама таратып, іздеу жүріп жатқанын мәлімдеген еді. 

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала 13 қыркүйек күні көршісінің сарайынан табылды.

Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауының себебі анықталады, - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Мектеп әкімшілігі болған жайды инспектордан естіген. Оқушы сабақтан қалмаған, мінезі де ашық болған дейді. 
 

Ол – біздің мектептің 11-сынып оқушысы. Биылғы оқу жылында сабақтан қалмай келді. Сабақта жүрген бала өзі. Осы мектеп ашылғалы бізде оқыды. Тәртібі жақсы, мінезі ашық. Жоғалған күні де сабаққа келді. Ашық-жарқын бала. Оқиға туралы мектеп инспекторы айтты. Кешкілік естідік. Нақты жағдай туралы білмей отырмыз, - деді Ақтөбе қалалық №8 орта мектеп директоры Айсұлу Жақсыбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →