×

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге өлтіріп, өртеп жіберген

Қайтыс болған әйелмен тұрған ер адам үш адамды өлтірді деген күдікпен іздестірілуде

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге өлтіріп, өртеп жіберген
forpost-sevastopol.ru

Алматы облысында екі баласы мен анасын өлтіріп, өртеп жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ratel.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 14 қыркүйекте өрт туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар шатырдың өртеніп жатқанын көрген.

Өртенген үй ішінен полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері бар үш адамның мәйітін тапты: 1981 жылғы әйел, 2010 жылы туған қыз, 2015 жылы туған ұл бала. Олардың барлығының денесінің әр жерінде пышақ жарақаттары бар.


Өртке қарсы сынақ зертханасының алдын ала қорытындысы бойынша, өрт белгісіз затты қасақана жағудан басталған. Өрт жатын бөлмеден басталып, кейін үйдің шатырына өткен.


Қазір құқық қорғау органдары марқұм әйелмен бірге тұрған ер адамды іздестіріп жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →