Оқиға осыдан бір апта бұрын болғанымен, мектеп оқушысының екінші қабаттан оңбай құлаған бейнежазбасы енді тарап жатыр
Басы бес жерден жарылып, көзіне айтарлықтай зақым келген. Астанада мектеп баспалдағынан құлап мертіккен жеті жастағы Темірланның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі KTK.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға осыдан бір апта бұрын болғанымен, мектеп оқушысының екінші қабаттан оңбай құлаған бейнежазбасы енді тарап жатыр. Зардап шеккен оқушының ата-анасы мектеп басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғап, баланың ем-домын өтеуді талап етуде.
Дүйсенбінің таңын дүрлүктірген бейнежазба. Видеода мектеп оқушысының жоғарғы қабаттан оңбай құлағаны анық көрініп тұр. Еденде сұлап жатқан баланы көре сала, мұғалімдер жедел жәрдем келгенше тұрғызуға әрекет етеді. Араға бір жарым сағат салып, ауруханаға жеткізілген Темірлан екі күн бойы комада жатқан.
Баланың жерге құлаған сәтін бірінші қабаттағы бейнекамераға түсіп қалған. Алайда Темірлан екінші қабаттан сырғыды ма, әкесі айтып тұрғандай үшінші қабаттан құлдилады ма, ол әзірге сұрақ қалпында. Себебі сол күні оқыс жағдайы айна-қатесіз таспалауы керек болған екінші қабаттағы бейнекамера істен шыққан. Мектеп басшылығының сөзінше, оқыс оқиға былай болған: ккінші сыныптың оқушылары информатика кабинетіне бара жатқан жолда
Темірланды қатарластарының бірі баспалдақтан итеріп жіберген болуы мүмкін. Сатының тірегіш жақтауы болмағандықтан, бұғанасы бекіп үлгермеген жеті жастағы ар бала қуыстан лып етіп, төменгі қабаттан бір-ақ шығады. Басы бес жерден жарылған Темірлан екі күн бойы есін жимай, жансақтау бөлімінде де бірнеше күн жатқан.
Бекжан Қожамқұлов, жәбірленушінің әкесі:
- Ашық бас жарақаты. Мұрын сүйнгі сынған. Бала демалғанда миға ауа кіріп жатыр дейді. Баланың денсаулығы қалыпты деп жазып жатыр. Ешқандай да қалыпты емес. Ота жасалмаған баланың денсаулығы қалай қалыпты болады? 50 пайыз көзі көрмейді. Екінші көзі минусқа кетіпті бүгін. Балам мүгедек болды. Кім жауап береді.
Білім ордасы 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Сол жарты ғасырда талай күрделі жөндеу жүргізілгенімен, баспалдаққа жақтау орнату ешкімнің ойына кіріп шықпаған. Ал қызметіне сегіз ай бұрын ғана келген мектеп директоры осыған дейін құзырлы орындар білім ошағының қауіпсіздігін талай тексеріп, кінарат таппай кеткен дейді. Оқыс жағдайдан кейін ғана басшылық өз қалтасынан ақша шығарып, баспалдаққа қоршау орнатып қойыпты.
Дидар Байтасов, Астана №14 мектеп-лицейдің директоры:
- Мектеп ғимараты 74 жылы салынған. Мектептің жобасы бойынша мұндай қарастырылмаған. Қазір оқыс жағдайдың қайталанбауы үшін осындай қоршау жасатып қойдық. Мен көріп тұрғанмен, бізді ТЖМ, СЭС тексерді. Мұндай қауіп болған жоқ. Қазір бала есін жиған. Дәрігерлер денсаулығын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Дегенмен ақ халаттылар баланың көзі жартылай көрмей қалды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Серік Қизатуллин, нейрохирург:
- Нақты ашық бас жарақаты, контизуолог фокусы маңдай бөлігінде. Маңдай сүйектерінің сызықты сынуы, орбиталық ұяның жоғарғы қабырғасының сынуы. Жалпы жағдайы түскен кезде ауыр болды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі жағдайы орташа, үлкен консилуим болды. Шешім қабылдадық, қазіргі уақытта ешқандай ота жасайтындай көрсеткіш жоқ.
Осы жағдайдан кейін мектеп басшылығына қатысты іс қозғалыпты. Білім ордасының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша да тексеріс басталған. Артынша белгілі болғандай, қалалық білім басқармасы мектеп директорын бүгін лауазымынан шеттеткен.