×

Алматыда ҚазҰУ маңында самокат айдаған 13 жасар баланы Камаз қағып кетті

Полиция департаменті оқиғаға байланысты түсініктеме берді

Алматыда ҚазҰУ маңында самокат айдаған 13 жасар баланы Камаз қағып кетті
Qaz365.kz

Куәгерлердің айтуынша, ҚазҰУ жанында самокат айдап бара жатқан 13 жасар баланы Камаз қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

“Алматы қалалық полиция Департаменті, 2023 жылғы 4 қазанда 15 сағат 55 минутта «Холл» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі - 1978 жылы туған А.есімді азамат, Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда, самокатпен батысқа қарай жүріп бара жатқан 2010 жылы туған Ж.есімді азаматты қағып кетті.
Алған жарақатының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды”, – дейді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →