×

Содырлар фестивальден ұрлап кеткен неміс қызы Газа аймағынан табылды

Бұл туралы оның анасы айтты

Содырлар фестивальден ұрлап кеткен неміс қызы Газа аймағынан табылды
Коллаж Qaz365.kz

Хамас содырлары Израиль аумағына басып кіргеннен ұрлап кеткен Германия азаматы, фотосуреттері әлеуметтік желілерде тараған Шани Лук Газадағы ауруханадан табылды деп хабарлайды Qaz365.kz «Дождь» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы оның анасы айтты. Қыз ауыр жарақат алған. Сондықтан зардап шеккен қызын Газа секторынан эвакуациялауға шұғыл көмек көрсетуді сұрап, федералдық үкіметке видео хабарлама жазды.

ХАМАС Израильге басып кіргеннен кейін әлеуметтік желілерде содырлар джиппен келе жатқан видео тарайды. Онда көліктің артында іш киіммен ғана жатқан бойжеткенді байқауға болды. Содырлардың бірі оның аяғына мінеді, басқалары оған түкіреді, барлығы «Аллаһу әкбар» деп айғайлайды. Бейнежазбадан қыздың тірі немесе қандай жағдайда екені белгісіз болатын.

Кейін видеодағы қыздың кім екенін анықталады. Туыстары оның аты Шани Лук екенін айтты. Қыз Газадан бірнеше шақырым жерде орналасқан Киббутц-Урим маңында өткен Nature Party фестивалінен кейін байланыс аясынан тыс жерде болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →