×

Мұрын сындырған, ми шайқалған. Караокеде төбелескен актер Асқар Жұмабек сотталды

Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған

Мұрын сындырған, ми шайқалған. Караокеде төбелескен  актер Асқар Жұмабек сотталды
Instagram / AskarZhumabeqov

Отандық кино мен сериалдарға түсіп жүрген танымал жас актер Асқар Жұмабек жала жабылып жатқанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмеген сұраған болатын. Енді, міне, Алматы қаласының Бостандық аудандық соты актерді бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Алматыдағы караоке-барлардың бірінде төбелес болған. Айыпкерлерге бұзақылық жасады (ҚК 293 б., 3 б.), бұзақылық пиғылда адамдар тобының денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылды.  
«Аталған мекеменің күзетшілері мен ди-джейі, сондай-ақ барда болған олардың таныстары жәбірленушілерді ұра бастаған, жәбірленушілер оқиға орнына қашуға мәжбүр болған. Алайда сотталушылар оларды көшеде қуып жетіп, төбелесті жалғастырған. Іс бойынша 5 адам жәбірленуші деп танылды», - делінген Бостандық ауданының сотының таратқан ақпаратында.
Зардап шеккен бес жәбірленушінің біреуінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Яғни, мұрынның сынуы, мидың шайқалуы, ауыр бас-ми жарақаты сияқты. Ал қалғандары орташа жарақат алған. 
«Сотталушылар өз кінәларын мойындаған жоқ. Жәбірленушілер сотталушыларды кешірген жоқ. Прокурор 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады», - делінген ақпаратта.
Сот кінәлі деп таныған екі адамға 6 жыл 6 ай жаза кескен. Актер Асқар Жұмбековке тағы 15 күн қосып берген. Өйткені ол бұған дейін ҚР ҚК-нің 107 бабы (адамды ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп танылған. Соттыңалдыңғы үкімі бойынша өтелмеген мерзіміне байланысты оған 15 күн қосылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →