×

Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, көз жұмды

Полиция суицид бабымен тергеуді бастады

Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, көз жұмды
Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Оқиға орнынан фото мен видео әлеуметтік желіде тарады. Онда марқұмның «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені жазылған. 

Қайғылы оқиға туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімет берді.

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →