×

Түркістанда автобус жер үйдің қабырғасын бұзған

Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады

Түркістанда автобус жер үйдің қабырғасын бұзған
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан қаласында автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көше қиылыстарының бірінде қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысып, автобус жеке үйдің қабырғасына кіріп кеткен. 

“18 қазан күні Түркістан қаласы қиылыстарының бірінде жолаушылар көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына келген полицейлер "Хундай Акцент" автокөлігі № 17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде автобус жеке үйдің қабырғасына кіріп кеткенін анықтады.

Апат салдарынан автобустың бірнеше жолаушысы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ үйде егде жастағы ер адам болған. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабымен "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда”, – дейді полиция департаментінің мәлімдемесінде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →