×

Жетісу облысында ауыл әкімі оқушыны қағып өлтірді

Ұл баланы қағып өлтірген әйел уақытша ұстау изоляторына қамалмаған

Жетісу облысында ауыл әкімі оқушыны қағып өлтірді
Facebook / Сандугаш Дуйсенова

Жетісу облысында ауыл әкімі ұл баланы қағып өлтірді. Қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенованың сөзінше, Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова рулде болған. Оқиға орнына келген ПД қызметкерлері 12 жастағы оқушыны көлікпен қағып кеткен әйелге қатысты хаттама толтырған, көлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qazaq.today-ге сілтеме жасап

«Оның өліміне әкім Бақтиярова Әлия Маратқызы кінәлі. Ол Ескелді ауданы Биғаш ауылының маңында 2 қараша күні кешке баланы көлікпен қағып кеткен. Салдарынан 9-сыныпта оқитын Асыл Тұрсынбай апат орнында қайтыс болды. Көлікті Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова тізгіндеген», – деді белгілі журналист, қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова.

Ал апат орнына келген полиция департаментінің қызметкерлері оқушының 12 жаста екенін анықтаған. Көлік айыппұл тұрағына қойылған. Он екі жасар оқушыны қағып өлтірген әйел уақытша ұстау изоляторына қамалмаған.  Мезгілсіз қайтыс болған оқушы демалыс күні жер қойнына тапсырылды.

«12 жастағы жасөспірім Hyundai Greta көлігінің дөңгелегіне түсіп қайтыс болды. Машинаны 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Аталған оқиға бойынша сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Шетел көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты орын алған жол апаты облыстық полиция басқармасының өндірісіне алынды», – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, Әлия Бақтиярова 2014 жылдан бастап лауазымды қызметке тағайындалған. Ол Көксу ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысының екі ауылында жер сілкінісі сезілді
Кеше, 12:36

Алматы облысының екі ауылында жер сілкінісі сезілді

Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде 
Ол қызын 2021 жылдың ақпанынан 2023 жылдың мамырына дейін зорлаған
Жігіт 10 мың АҚШ доллары көлемінде банкноттарды көрсеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →