×

«Өз еркімен берілді». Сирияда 10 жыл бойы лаңкестермен бірге соғысқан қазақстандық елге қайтарылды

Оған қатысты қылмыстық іс тергеп-тексерілуде

«Өз еркімен берілді». Сирияда 10 жыл бойы лаңкестермен бірге соғысқан қазақстандық елге қайтарылды
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан азаматы 2013 жылдан бері Сирияда террористік топтар құрамында соғысқан. Алайда Отанына оралу үшін өз еркімен берілген оны ҰҚК қызметкерлері 10 қараша күні Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және Отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі. Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды», – делінген хабарламада.

Қазақстанға келгеннен кейін дереу қамауға алынған оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.

Сондай-ақ, құзырлы органдардың айтуынша, оның ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →