×

Қарағанды шахтасындағы апаттан кейін 41 кеншінің отбасына 10 жылдық жалақы төленді

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді

Қарағанды шахтасындағы апаттан кейін 41 кеншінің отбасына 10 жылдық жалақы төленді
Видеодан кадр

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына он жылдық жалақы төледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифингте Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілгенін айтты. 

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 41 отбасыға 10 жылдық жалақы төледі. Қаза болған шахтерлердің, олардың жұбайларының, ата-аналары мен балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ компания әрбір отбасына кемінде 18 шаршы метр пәтер сатып алуға міндеттенеді. Сақтандыру төлемдері, ЖОО-да 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысы қарашада оқу мерзіміне төлене бастайды», – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ал республикалық бюджеттен кәмелетке толмаған балалары мен жоғары оқу орындарында 23 жасқа дейінгі балалары бар 20 отбасына асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды.

«46 отбасы Бірыңғай зейнетақы қорынан жерлеуге арналған бір реттік төлемге құжат алса, бүгінгі күні 42-сі төленді, қалғандары төлемді енді алады. Бұдан бөлек, қаза тапқан кеншілердің отбасыларына басқа да көмек көрсетіледі», – деді әкім.

Еске сала кетейік, 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко шахтасында апат болып,  46 адам қаза тапты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →