×

Алматыда мейрамхана өртенді

Өртті жоюға 30 адам мен 8 техника жұмылдырылды

Алматыда мейрамхана өртенді
Фото: ТЖД

Алматыда түнде Modi Restoranchik  мейрамханасының шатыры өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт сөндірушілерге ток соғу қаупі төнген.

«Жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілген өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Алайда өрт сөндірушілерге қауіп туындады – 380 вольтты электр желісінің ток көздері ашық болған. Жеке құрамның арасында қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында, жедел келген авариялық энергетика қызмет бригадасы нысанды ток көзінен ажыратып тастағанша күтуіне тура келді», – деп хабарлады департаменттен.

Қызыл жалын «Modi Restoranchik» мейрамханасы шатырының 95 шаршы метрін шарпыды.

Қабылданған шара бойынша мейрамхана қызметкерлері үшін жақын орналасқан тұрмыстық үй-жайлар өрттен қорғалды.

Өртті жоюға 30 адам мен 8 техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілердің қызыл жалынды қалай сөндіргенін де көрсетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Кеше, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →