×

Бишімбаев жеңіл жазамен құтылып кете ме деп қауіптенеміз – Салтанат Нүкенованың ағасы

Нүкенов мәйітті жуған адамдар қорқып шыққанын айтады

Бишімбаев жеңіл жазамен құтылып кете ме деп қауіптенеміз – Салтанат Нүкенованың ағасы
Коллаж Qaz365.kz

Журналист Болат Аманбаев әлеуметтік желідегі парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі болған Салтанат Нүкенованың ағасы, Павлодар қаласының экс-әкімі Қайрат Нүкеновпен шағын сұхбатын жариялады. Видеода Қайрат Нүкенов Бишімбаевты ақтауға тырысқан блогерлер жайлы айтып, қылмыскерді кешірмейтінін мәлімдейді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Салтанат біздің отбасымыздың ашық-жарқын баласы еді. Жақсы оқыды. Мектепті, колледж, институтты бітірді. Өз табысы өзіне жететін. Ешкімге тәуелді емес еді. Ешқашан бізден ақша сұраған емес. Бәріне өзі жетті. Бәрімен жақсы сөйлесетін құрметті еді. Шынында да, кейбір блогерлер кісі өлтірген Бишімбаевты ақтап алғысы келетін сияқты. Бірақ, меніңше, қазір халықты алдай алмайсың. Халық ақ-қараны ажырата алады. Осының бәрін ақшаға жасап жатқан блогерлер – оңбаған адамдар. Дәл сондай жағдай өз бастарынан өткенде ғана олар бәрін түсінетін шығар. Тек сол жағдайда ғана олар бізді түсінуі мүмкін. Олар блогерлер болса да... Кім деп атауға болатынын білмеймін», – дейді ол.


Нүкеновтың сөзінше, Бишімбаевтар отбасы өз ұлын арашалап алғалы жатыр. 

«Бірақ ол біз үшін айуан, қанішер. Біз ешқашан оған мұны кешірмейміз. Кез келген нәрсені кешіруге болады. Абайсызда өлтіріп алса бірсәрі. Бірақ біз оның (Бишімбаевтың) қалай зорлық-зомбылық жасағанын біліп отырмыз. Айуан, қылмыскер деген екінің бірі олай жасамайды. Сол үшін оған ешқашан ешқандай кешірім болмайды. Мұндай адамды кешіруге болмайды. Егер біз оны кешірсек, басқа трагедия болады. Ол тағы адамды өлтіреді. Ал оның бұл ісі біздің арымызға сын болады», – дейді Салтанаттың ағасы.


Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаевтың кезінде 10 жылға сотталып, бірақ бір жарым жылдан кейін шығып кеткеніне байланысты қазіргі қылмыс бойынша да ерте түрмеден шығып кете ме деп қауіптенеді.

«Олар блогерлерді жалдады. Бәлкім, тергеу де белгілі бір жаққа бейімделе жүргізілуі мүмкін. Егер адам түні бойы ішімдік ішсе, дәл сондай куәгерлердің, даяшылар мен бауырының көрсеткендері де бар – қанында белгілі болғаны оның өзі көп нәрседен белгі береді. Біз оған жасалған сараптамаға күмән келтіреміз. Көп адам оның (Бишімбаевтың) есірткі қабылдағанын да айтып жатыр. Бірақ оның қалайда «есірткіге масайған» белгісі табылмаған. Демек, біз тергеудің өзі оны жауапкершіліктен алып қалғысы келетінін байқаймыз», – дейді ол.

Нүкенов мәйітті жуған адамдар қорқып шыққанын айтады. Оның сөзінше, Салтанаттың денесінің сау-тамтығы қалмаған. Денесін жуған әйелдер «басқа жағдайда кісі қолынан өлген адамдардың денесінен мұндайды көрмегенбіз» деген.
 

«Ол (Бишімбаев) бауырын шақырып, Салтанаттың өлгенін күткен. Бірнеше рет нөмірге кіріп, тірі ме, жоқ па – көз жеткізгісі келген. Өлген кезде ғана жедел жәрдем шақырған. Бауырын «қылмысты жасырғаны» үшін ғана емес, «өлтіруге бірге қатысқан адам» ретінде де соттау керек. Видеожазбаларды өшірген адам да Бишімбаевтың пиғылдасы. Ол да сооучастник! Бұл бір банда. Бишімбаевты ғана емес, бұл – Бишімбаев бандасының қылмысы!» – дейді Қайрат Нүкенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында жоғалған үш жасар  Асылым дәретханадан табылды
Бүгін, 10:08

Түркістан облысында жоғалған үш жасар  Асылым дәретханадан табылды

Баланы полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары үш тәулік бойы іздеді
Депутаттың тіл тақырыбында бұлай өткір жазуының жөні бар
Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →