×

Екібастұзда 7 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

Ішкі істер министрлігі Милана Давыдованың анасы ұсталғанын растады

Екібастұзда 7 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды
Ашық дереккөзден

Екібастұзда 7 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ішкі істер министрлігі Милана Давыдованың анасы ұсталғанын растады.

ІІМ хабарлауынша, Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың анасы кісі өлтірді деген күдікке ілінген. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталған.

– Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның өтініші бойынша қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады, – делінген хабарламада.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.
Денесі табылған Милана Давыдованың әкесі Александр Колтин қызының із-түзсіз кеткенін қайынатасынан білгенін айтады. Бұл кезде Колтиннің өзі Бесқауға ауылындағы шаруа қожалықта жұмысында болған.

«Маған оның жоғалып кеткені туралы хабарлады. Олар осы демалыста маған келуі керек еді. Осы кезде маған қоңырау шалып, «Милана сенің үйіңде ме?» деп сұрады. «Жоқ» дедім. «Не болды?» деп сұрасам, «жоғалып кетті, іздеп жатырмыз» дейді. Бардым да, маңайды жаяу шолып, айғайлап іздеумен болдым. Осында учаскелік полицей, өзіміздің Қанат алып келді. Ары қарай әкімдікке алып кетіп, жауап алды. Ол өз-өзінен ізім-ғайым жоқ болып кетпейді ғой. Барлық жерді араладық. Адамдар көмектесті. Оны біреу ұрлап кетіп, бір жерде ұстап отыр ма деп те ойладық. Бастапқы кезде ол үйден қашып кетіп жүретін. Қуып жетіп, үйіне әкелетін. Екінші ретінде қашты ма, білмеймін. Ауылға бір көлік келді деп те естідім. Сол көліктен кейін жоғалып кетті», – дейді ол.

Десе де, жергілікті БАҚ (kerek.pv) қыз бала шешесін көңілдесімен көріп қойғанын, әкесіне осыны мәлім ететінін ашық айтқанын жазады. Бір нұсқа бойынша, анасы қызын өлтіріп, көңілдесі қызын көміп тастаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →