×

Бас прокурор «Қытайдан тауар жеткізем» деп алдаған Айс Мұратова туралы мәлімдеме жасады

Берік Асыловтың айтуынша, күдікті үйқамақта отыр

Бас прокурор «Қытайдан тауар жеткізем» деп алдаған Айс Мұратова туралы мәлімдеме жасады
Видеодан скриншоттар

Бас прокурор «Қытайдан тауар жеткізем» деп алдаған Айс Мұратованың үстінен 267 арыз түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Берік Асыловтың айтуынша, күдікті үйқамақта отыр.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзіне жүздеген азаматтың хабарласып, Арайлым есімді әйелден алданғандарын айтып, көмек сұрағанын мәлімдеген еді. Осы мәселе бойынша депутат бас прокурорға сауал жолдаған болатын. 

«Лақап аты – Айс Мұратова. Шын аты – Арайлым деген әйел. Соған адамдар реквизиттерге аудара берген. «Мұнда Қытайдан арзан тауар әкеліп беремін, сонда зауытта жүрмін, ыдыс-аяқ, фабрикада жүрмін» деген. Содан үйде отырған аналар, кейбір кәсіпкер әйелдер – барлығы алданып қалған. Басында тауарларды жіберген. Одан кейін жоқ болып кеткен. Барлық чекті жинағанда, сома 30 миллиардтан асады», – деген еді депутат.

Депутаттың сауалына жауап берген бас прокурор Берік Асылов Айс Мұратоваға (А. Қожамұратова) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының полиция департаментінде қаралып жатқанын хабарлайды. Алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді полиция жалғастыруда.

«А. Қожамұратова күдікті ретінде танылып, сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарына еліміздің əр өңірінен азаматтардан 267 арыз түсті, келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 500 млн теңгені құрайды. Тапсырыс құны əрбір жəбірленушіден 10 мыңнан 1,8 млн теңгеге дейін соманы құрайды. Іс қадағалаушы прокуратураның бақылауында», – делінген бас прокурордың жауабында.

Еске сала кетейік, депутаттың сөзінше, аталған әйелге алданғандардың жалпы шығыны 30 миллиард теңгені құрайды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Бүгін, 15:29

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →