×

Халықты 30 миллиард теңгеге алдаған әйел жарнама үшін өнер адамдарын пайдаланған

Ұйымдасқан қылмыстық топ болуы да мүмкін

Халықты 30 миллиард теңгеге алдаған әйел жарнама үшін өнер адамдарын пайдаланған
видеодан скриншоттар

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзіне жүздеген азаматтың хабарласып, Арайлым есімді әйелден алданғандарын айтып, көмек сұрағанын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, аталған әйелден алданғандардың жалпы шығыны 30 миллиард теңгені құрайды.

«Лақап аты – Айс Мұратова. Шын аты – Арайлым деген әйел. Соған адамдар реквизиттерге аудара берген. «Мұнда Қытайдан арзан тауар әкеліп беремін, сонда зауытта жүрмін, ыдыс-аяқ, фабрикада жүрмін» деген. Содан үйде отырған аналар, кейбір кәсіпкер әйелдер – барлығы алданып қалған. Басында тауарларды жіберген. Одан кейін жоқ болып кеткен. Барлық чекті жинағанда, сома 30 миллиардтан асады. Тіпті адамдар 5 мыңнан 10 мыңға дейін алданған болуы мүмкін. Мұны адамдар бір-біріне, таныстарына айтып, «сарафанмен» тараған. Тіпті кейбір жерде өзін жарнамалауға өнер адамдарын да пайдаланған. Олар оны әлеуметтік желіде жарнамалаған. Солай адамдардың сеніміне кіріп алған», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, оның қолында аталған әйелге алданған адамдардың үш пакет арыздары мен дәлелдері бар. Ол тараптардың келісімшарт жасаспағанын, бірден ақша аударымдарын жасағанын атап өтті.

«Адамдар арыз жазса да, ешқандай сот процесі болмай отыр. Полиция «үйқамаққа алу керек» деген шешім шығарған. Бірақ ол үйінде бар ма, жоқ па, адамдарда күмән бар. Себебі оның емізулі баласы болуы мүмкін. Сол негізде үйқамақ деген шешім шыққан болуы мүмкін. Бірақ бұл мәселе назардан тыс қалмау керек», – деді Дәулет Мұқаев.

Мәжілісменнің сөзінше, мұнда тек бір адам емес, бірнеше адам, яғни ұйымдасқан қылмыстық топ болуы мүмкін.

«Бұл жерде тіпті 1% комиссия алып отырған. Мысалы, алпыс мыңның тауарына алты жүз теңге комиссия алған. Басқа топ та болуы мүмкін. Арайлымның да атын пайдаланып алып отыр ма деген сұрақ туындайды. Мұның барлығына тергеу жұмыстары жүргізілуі керек. Әділ тергеу жүруі керек», – деді ол.

Депутат осындай жағдайлардың кесірінен отбасында дау-дамай туындап, ажырасып жатқан адамдардың бар екенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →