×

Ұлттық экономика министрі бизнес жүктемені азайтудың 10 тетігін ұсынды

Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек

Ұлттық экономика министрі бизнес жүктемені азайтудың 10 тетігін ұсынды
Фото: gov.kz

Мәжіліс бизнес жүргізуді жеңілдететін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заң жобасын депутаттарға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.

«Жедел ден қою шараларын қабылдау мемлекеттік органдарға құқықбұзушыларға заң жүзінде ден қоюға және бизнес субъектісінің кінәсінен туындаған халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қоғамдық қауіпті қолайсыз оқиғалардың басталуын болдырмауға мүмкіндік береді. Қазір мемлекеттік бақылау 90-нан аса кәсіпкерлік қызмет саласында іске асырылады», – деді ол.

Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік беруге, сондай-ақ бизнеске жүктемені азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуді көздейді.

Заң жобасында заңдар деңгейінде 10 салада жедел ден қою шараларын қолдану тетіктері айқындалады. Оған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы; өсімдіктер карантині; сәулет, қала құрылысы және құрылыс; сауда мақсатында теңізде жүзу; ішкі су көлігі; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану салалары кіреді.

Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы; орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласы; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы және атом энергиясын пайдалану саласы да бар.

Құжатпен 82 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекс пен 75 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →