×

Алматыда 14 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды

Ол бірнеше жылдар бойы шет мемлекеттердің аумағында бой тасалаған

Алматыда 14 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды
polisia.kz

14 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2009 жылдан бері ҚР ҚК-ның 178-бабы 2-бөлігі, 257-бабы 3-бөлігі (ескі редакция) бойынша іздеуде жүрген 49 жастағы Ө. есімді ер адамды ұстаған.

"Осыдан 14 жыл бұрын Тараз қаласында тонау және бұзақылық деректерін жасағаны үшін оған қатысты іздеу жарияланған болатын. Жедел мәліметтерге сәйкес, ол бірнеше жылдар бойы шет мемлекеттердің аумағында бой тасалаған.

7 қарашада жамбылдық полицейлермен арнайы операция жүргізу барысында іздеудегі азамат Алматы қаласындағы фитнес залдарының бірінде ұсталды. Күдіктінің бет-бейнесі өзінің туған ағасына ұқсағандықтан, полиция қызметкерлеріне ол өзін бауырының есімімен таныстырған", – делінген хабарламада.

Анықтау жұмыстарын жүргізу үшін бір мезгілде оның туған ағасы Жамбыл облысының ПД-ге жеткізілді.

Аталғандардың саусақ іздері алынып, жеке бастары толық анықталған соң, іздеудегі ер адам Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамаққа алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →