×

«Сол бір «телохранитель» бәле болды»: Дариға Бадықова тойға оққағармен шығуының себебін түсіндірді

Ол Tik-tok-тағы стримде мәселенің себебін түсіндірді

«Сол бір «телохранитель» бәле болды»: Дариға Бадықова тойға оққағармен шығуының себебін түсіндірді
Фото: Caravan.kz

Соңғы жылдары танымалдығы артқан актриса Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абаймен былтыр жаңа жылдық кеште Атыраудағы тойлардың біріне оққағармен барғаны желіде сынға ұшыраған. Ол Tik-tok-тағы стримде осының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сол бір «телохранитель» (оққағар) бәле болды. Біз ол кезде Атырауға коорпоративке барғанбыз. Үлгермей кетті. Бір күнде 8 мейрамханаға тапсырыс түскен. Бізге де ақша түскен. Мамандығың сол ән айтып, би билеу болған соң жүреміз ғой. Бірінші күні ол оққағарларды алған жоқпыз. Нақтысы бермеді. Бұл халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі. Сосын жақсы көретін әртісін ұстап көріп, тартып көреді. Бұл өздерінің махаббаттары. Менде өзім ұнатқан адамымды ұстап көргім келеді. Сөйтіп, екінші күні үлгермеген соң, мейрамхананың өзі оққағар берді», – дейді Дариға Бадықова.

Оның айтуынша, түнге қарай адамдар көңіл көтерген соң, мас болады. Сондай сәтте оққағар керек болған. 

«Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес.  Осы оқиғадан кейін оққағар бәле болып жабысты. Қайсы біріне ақтала бересің. Халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ», – дейді актриса.

Айта кетейік, ол бұған дейін өзі түсірген киноның 70 пайызын батыста тұратын отандастарымыз көргенін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Неге мас?»: Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті
24.07.2024ж. 16:50

«Неге мас?»: Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті

Видеода Argonya көпшілікті қандай да бір мерекемен құттықтайды
Концерт Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылады
Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өз сұхбатында, мұндай қиындықты ешкімге тілемейтінін айтып, сындарлы сәтте қолдау білдіргендерге алғысын білдірді
Ол немерелерінің уайымдап жүргенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →