×

Жапонияда ұшақ апаты бес адамның өмірін қиды

Борттағы 379 адам уақытылы эвакуацияланып үлгерді

Жапонияда ұшақ апаты бес адамның өмірін қиды
Ашық дереккөздерден

Токиода жолаушылар борты мен жағалау күзеті қызметінің ұшағы соқтығысуы салдарынан күзет экипажының бес қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экипаж мүшелерінің біреуі соқтығыс кезінде лайнерден секіріп кетіп аман қалған. Ол ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Airbus A350 мүшелері зардап шеккен жоқ. Борттағы 379 адам уақытылы эвакуацияланып үлгерді.

Жапония жағалау күзетінің ұшағы бүгін JAL әуе компаниясының бортымен Ханеда халықаралық әуежайында соқтығысқан болатын. Күзет қызметінің ұшағы алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік пен тауарларды зілзаладан зардап шеккен халыққа жеткізу үшін әуеге көтерілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →