×

Ойыннан от шығады: Астанада балалар отшашудан жаралана жаздады

Видеодағы оқиға Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы саябақта болған

Ойыннан от шығады: Астанада балалар отшашудан жаралана жаздады

Әлеуметтік желілерде отшашудан адамдардың жарақат ала жаздаған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қала тұрғындары отшашу ұйымдастырып, салюттың төбеге емес, жан-жаққа атылған видеосы пайда болды. Видеодағы оқиға Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы саябақта болған. 

Астананың тәртіп сақшылары бұл фактіні тексеріп, елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген жерлерде пайдаланған құқық бұзушының жеке басын анықтаған.

“Осы факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді, оның барысында елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды қолданған адам анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 436-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Жиналған материал қарау және шешім қабылдау үшін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді”, – деп хабарлады Qaz365. kz тілшісіне Астана қаласының полиция департаменті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →