×

Оралдағы дәмханада жойқын жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Кафеде қайтыс болғандардың саны жарияланды

Оралдағы дәмханада жойқын жарылыс болып, екі адам қаза тапты
Видеодан скриншот

Орал қаласында кафеде жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жарылыс орнынан 2 адамның мәйіті табылды. Үйінділердің астынан 6 адам шығарылды. Бесеуі ауруханаға жеткізілді, алтыншысы ауруханаға жатудан бас тартты.

«Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», – дейді құтқарушылар.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі, 52 мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Оқиға орнына сағат 02.17-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты «RIZYQ» дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады.

Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

Оқиға орнына құтқарушылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері, барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →