×

«Мұндай қатыгездікті көрген емеспін». Адвокат Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу аяқталғанын айтты

Ол тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау туралы өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі деп айтты

«Мұндай қатыгездікті көрген емеспін». Адвокат Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу аяқталғанын айтты
Коллаж Qaz365.kz

Биылғы жылы 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде қастандықпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова айтты.

«Өткен аптаның соңында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабар алдық. Қазіргі уақытта іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Алайда қылмыстық іс материалдарымен әлі толық танысып үлгермедік. Менің мұндай істер бойынша тәжірибем өте көп. Талай мәрте кісі өлімі бойынша істерге қатысқанмын, бірақ тіпті менің өзімді сарапшылардың қорытындысы таңғалдырды. Мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты көрген емеспін. Қазіргі уақытта Салтанаттың отбасына деген құрметіміз үшін кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз», – дейді адвокат.


Ол тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау туралы өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі деп айтты.
Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. 

Қылмыстық іске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді
Кеше, 19:50

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →