×

Аяғы ауыр капитан параға донер алған

Ол Әділет капитаны шенінен айырылды

Аяғы ауыр капитан параға донер алған
Фото: ашық дереккөздерден

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігі («Құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, пара алу») бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

К. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Еңбекші аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы лауазымын атқарып жүріп, яғни құқық қорғау органының қызметкері бола тұра 12 қазан 2023 жылы сағат 20:00 дер шамасында және 22 қазан 2023 жылы 19 сағат 30 минут шамасында өзінің бақылауындағы сотталған – жаза өтеуші Н.-ның пайдасына жасаған іс-әрекеті, яғни қадағалау және бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін 12 668 теңге тұратын тағамдарды (фастфуд) пара ретінде алдырған.

Сотталушының көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кінәсі іс бойынша жинақталған және қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралғандықтан зерттелмеген іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен және басқа іс материалдарымен толық өз дәлелін тапқан, - деп хабарлады Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Прокурор К.-ға ҚК-нің 366-бабының 1-1-бөлігімен, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын және оны мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыру қосымша жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы мен оның қорғаушы адвокаты сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жасаған қылмысын толығымен мойындап өкініш білдіргенін, алдын сотты болмағанын, асырауында жас баласы бар және қазіргі таңда екінші балаға жүкті екенін, ал өзінің кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасағанын қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.

Сот, К-ны Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзузушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған параның 25 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 316 700 теңге айыппұл жазасын тағайындады және ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сай, К. «әділет капитанты» деген арнаулы шенінен айырды, - делінген сот үкімінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«577 қажы қаза тапты»: Қазақстан қажыларының жағдайы айтылды
Бүгін, 16:03

«577 қажы қаза тапты»: Қазақстан қажыларының жағдайы айтылды

Желіде Меккедегі аптап ыстықтан бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді
Ол тал түсте төрімізде тайраңдағаны – нағыз басынғандық, дейді
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да айғақтармен дәлелденді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →