×

«Жағдай біз ойлағаннан қиын»: ШҚО-да тұтас бір аудан қар құрсауында қалды

«Қазселденқорғау» филиалының мамандары қауіпті учаскелерге бақылау жүргізіп, көшкіндерді алдын ала түсіру жұмыстарын ұйымдастырған

«Жағдай біз ойлағаннан қиын»: ШҚО-да тұтас бір аудан қар құрсауында қалды
Видеокадр

Шығыс Қазақстан облысында таяуда ғана жаңадан аудан болып қайта құрылған Марқакөл ауданы қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда бір апта бойы қолайсыз ауа-райы болып тұр. Құтқарушылар халыққа қатты жел, көктайғақ және қарлы боран болатынын ескерткен. Өңірдегі облыстық және республикалық маңызы бар жолдар соңғы 7 күнде 28 рет жабылған. Сонымен қатар, облыста көшкін қаупі бар. «Қазселденқорғау» филиалының мамандары қауіпті учаскелерге бақылау жүргізіп, көшкіндерді алдын ала түсіру жұмыстарын ұйымдастырған. Қыс мезгілінің басынан бастап барлығы 29 рет профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 48 300 текше метр қар түсті.
Десе де ең қиын жағдай Марқакөл ауданында. ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері медициналық персоналды шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әйелге жеткізу үшін Марқакөл ауданына, Тосқайың ауылына көмекке барған.
Жергілікті журналист Олжас Керейханның жазуынша, Марқакөл өңірінде жағдай күн санап қиындап барады. Қардың қалыңдығынан жылқы мелдектеп жатыр. Ал журналист Дарын Нұрсапаров «Марқакөлдегі жағдай біз ойлағаннан да қиын сияқты» дейді.
 

«Түкпір жақтағы Төсқайың, Бұғымүйіз, Ұранқай,  Шанағаты ауылдарына жол тазалайтын ауыр техниканың өзі жете алмай жатыр. Қардың қалыңдығы 130 -170 см, кей жерлерде 2 м дейін жеткен. Ең қиыны инсульт алған науқас адам бар. Дәрігерлер тезірек жетсе екен. Далада жүрген жылқыны бір құдайға тапсырдық, қайда екенін де білмейміз. Үйден шығудың өзі мұң, дейді тұрғындар», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →