×

Жалған құжатпен өтпек болған: Алматы әуежайында шетелдіктер ұсталды

Жалған төлқұжаттар алынды

Жалған құжатпен өтпек болған: Алматы әуежайында шетелдіктер ұсталды
Фото: Qaz365.kz/ B. Karipov

Алматы әуежайында жалған төлқұжат ұсынған шетелдіктер анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды. Арнайы техникалық құралдарды қолдана жүргізілген қосымша тексеру олардың жарамсыздығын растады», – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Жалған төлқұжаттар алынды.

«Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды», – делінген хабарламада.

2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды қолданып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын хабарлайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады
Кеше, 18:25

“Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде әкесі ата-ана үшін бұл жағдай — нағыз ауыр соққы болғанын айтты
2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →