×

«Анасы мен нағашысы табылды»: Арқалықтан Бельгияға әкетілген Жәнібек есімді тағы бір бала анықталды

Тағы бір бельгиялық Жәнібек анықталды

«Анасы мен нағашысы табылды»: Арқалықтан Бельгияға әкетілген Жәнібек есімді тағы бір бала анықталды
Фото: Instagram / kymbatdoszhan

Ақпаратты әлеуметтік желіде журналист Қымбат Досжан бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалар ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды. Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды. Бүгін ДНҚ анализ тапсырды.

Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жер мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер...» – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы авторы Жанар Байсемізова қазақстандық жетім балалар 1990-2000 жылдары әлемнің отыз еліне тарап кеткенін, тіпті, Оңтүстік Африка Республикасы, Қытай, Жапония – барлығы Қазақстаннан бала алғанын айтқан еді. Ол өз сөзінде балаларды шетелге делдалдар арқылы туристік компания сатқанын мәлім еткен.

Сондай тағдырлы баланың бірі 21 жастағы Жәнібек Қазақстанға келіп, анасын іздеп, таппай кеткен. Оның есімі бүкіл елге тарап, анасының табылуына бүкіл ел тілекші болып отыр.

Қымбат Досжан «Бармысың, бауырым?» хабары Еуропада өскен, бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алған қазақ баласының туған анасын іздеуді жалғастыра беретінін жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда есірткіні АҚШ-тан поштамен алдырып келгендер ұсталды
Бүгін, 16:29

Алматыда есірткіні АҚШ-тан поштамен алдырып келгендер ұсталды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Үйге 1995 жылғы азамат келіп, кешкі сағат тоғызда үйдің пешін жағып кетіп қалған
Қазір қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →