×

«Ажалы келді»: Қорғаныс министрі Жаркентте қайтыс болған сарбаз туралы айтты

Марқұмның ата-анасы дәрігерлер қойған диагнозбен келіспей отыр

«Ажалы келді»: Қорғаныс министрі Жаркентте қайтыс болған сарбаз туралы айтты
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жаркентте қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БАҚ мәліметінше, сарбаз әскерде менингит ауруынан көз жұмған. Ол өткен жылы күзде әскерге шақырылған.

«Сарбаздың отбасына көңіл айтамын. Ол менингит ауруынан көз жұмды... Өкінішке қарай, міндетті түрде тапсыратын медициналық анализдердің тізімінде менингитке тексерілу жоқ. Қазір оны тізімге қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы жағдайдан кейін тиісті шешім қабылдадым, тиісті қаржы бөлінді. Сарбаздар әскери бөлімге келгеннен кейін оларды 100 пайыз менингококқа тексереміз. Егер ауру анықталса, олар 5-7 күн бойы дәрі ішіп емделеді...» – деді Руслан Жақсылықов.

Ведомство басшысы марқұмның ата-анасы дәрігерлер қойған диагнозбен келіспей отырғанын айтты.

«Мен де әкемін. Оларды түсінемін. Мұндай жағдайдың болғаны бәрімізге ауыр тиді. Қазақта «ажалы келді» деген сөз бар. Сараптама растады», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →