×

Алматы облысында судья пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Судья сотталды

Алматы облысында судья пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Антикор мәліметінше, биыл 17 қаңтарда Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды.

«Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан.

А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Асилбековке 122,5 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалған.

«Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады», – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
98-2000 жылғы жігіттер: Талғарда бозбаланы өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады
Бүгін, 14:04

98-2000 жылғы жігіттер: Талғарда бозбаланы өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады

Бүгін Алматы облыстық прокуратурасы мәлімдеме жасаған еді
Жігітті бірі ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі лудоман болған деп сан-саққа жүгіртуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →