×

Ұшақ бортында стюардессаға шабуыл жасаған қай әнші екені айтылды

Бортсерікті ұрған әнші кім

Ұшақ бортында стюардессаға шабуыл жасаған қай әнші екені айтылды
funnyart.club / otyrar.kz

Мас күйінде стюардессаны ұрған қазақстандық әншіге айыппұл салынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2024 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды», – деді Қайсар Сұлтанбаев.

El.kz жазуынша, әлеуметтік желілерде бортсерікті ұрған әншінің Бауыржан Нұрымбетов екені айтылған. Бауыржан Нұрымбетов «Шіркін life 2» телешоуының жеңімпазы ретінде халыққа танылған. Көптеген ток-шоуларда сарапшы болған.

Еске салайық, FlyArystan әуе компаниясы 18 желтоқсанда ұшақта болған оқиға туралы хабарлады. Ұшақта қазақстандық танымал әнші әрі актер  бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған. Салдарынан қызметкер физикалық және психоэмоционалдық зардап шегіп, рейс 1 сағатқа кешіктірілген. Алайда әуе компания әртістің аты-жөнін жарияламаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →