×

Астанада мектеп оқушысы терроризм актісі туралы парақшалар таратқан

Оқиға жөнінде оның мұғалімі хабарлаған

Астанада мектеп оқушысы терроризм актісі туралы парақшалар таратқан
Фото: via-midgard.com

Астаналық мектептің мұғалімі 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді. Мән-жайларды анықтаған кезде жасөспірім әзіл үшін компьютерде мәтін жазғанын және парақшаларды басып шығарғанын мойындады.

«Оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Байқоңыр ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмаған баланың анасына айыппұл салынды.

Полиция департаменті мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салады. Балаларды тәрбиелеу бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін ата-аналар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →