×

Астанада түнгі клуб күзетшілері қонақтардан ақша бопсалаған

Қылмысқа қатысы барлар қамауға алынды

Астанада түнгі клуб күзетшілері қонақтардан ақша бопсалаған
Фото: polisia.kz

Астанада түнгі клуб күзетшілері келушіден ақша бопсалаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елордалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күзет қызметкерлерінің мекеме клиентінен ақша бопсалау фактісін анықтады.

Түнгі клубтың 21 және 24 жастағы күзетшілері Абай көшесінде 230 мың теңге көлемінде ақшаны алып жатқан жерінде ұсталған. Бұған дейін Астана тұрғыны полицияға арыз беріп, күзетшілердің өзінен дене күшін қолданып, қорқыту арқылы 1,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалағанын хабарлаған.

«Қазір бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысқа қатысы барлар қамауға алынды. Осы қылмысты жасағаны үшін баптың санкциясы шектеу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында мектеп қазандығы жарылды - зардап шеккендер бар
Бүгін, 13:55

Абай облысында мектеп қазандығы жарылды - зардап шеккендер бар

Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген
Аймақта алдағы 2-3 тәулікте қолайсыз ауа райы сақталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →