×

Лай көшкіні: Үйінді астында қалғандардың бәрінің денесі табылды

Қалған үш адам да өлі табылды

Лай көшкіні: Үйінді астында қалғандардың бәрінің денесі табылды
Фото: t.me / almaty_akimat

Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың барлығының мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұған дейін төрт адамның қаза болғаны айтылған еді. Олардың мәйіттері көшкін кезінде қираған үй қирандыларының астынан шығарылды.

Лай көшкіні кезінде қираған үй қирандыларының астынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйел және 2007 жылы туған екі жасөспірімнің мәйіті шығарылды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, психологтар туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетуде.

Еске салайық, Алматыда тау бөктері жылжып, топырақ тұрғын үйді басып қалды. Жер үйдің ішінде төрт адам басылып қалғаны хабарланған болатын.

Кейіннен құтқарушылар бір 2007 жылғы ер адамның денесін тапқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →